Қазақстандық теннисшілер Албаниядағы турнирде топ жарды

Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты.

Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.

Бұл - І.Дүйсебай мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды