Қазақстандық теннисші жарыстардан өмір бойына шеттетілді

Халықаралық әділ теннис агенттігі (ITIA) келісілген ойын өткізгені үшін үш теннисшіні жазалады. Олардың қатарында қазақстандық Тимур Хабибулин де бар, деп хабарлады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. ITIA шешімімен Тимур өмір бойына жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ 60 мың доллар айыппұл төлейді. Ол 2014 және 2019 жылдар аралығында өткізген 21 ойынына қатысты айыпталған. 

Тимурдан өзге өзбекстандық Санжар Файзиев 3 жылға жарыстардан шеттетіліп, 15 мың доллар айып төлейтін болды. Израиль елінің атынан шығатын Игорь Смиланский 2 жылға шеттетіліп, 4 мың доллар айыппұл арқалады. 

Теннисшілердің жаза мерзімі 2023 жылдың 25 шілдесінен басталған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр