Қазақстандық теннисші Валенсиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Валенсиядағы (Испания) «Челленджер» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Іріктеу жартылай финалында Евсеев испаниялық Хавьер Барранко Косаноны 6:3, 7:6 есебімен жеңді.

Финалда Евсеев италялық теннисші Сальваторе Карузомен кездеседі.

Валенсиядағы турнирдің жүлде қоры 118 000 еуро. Байқау жеңімпазы 16 020 еуро жинап, 100 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр