Қазақстандық теннисші Прагадағы турнирдің финалында жеңілді

Қазақстандық Дмитрий Попко Прагадағы челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Алматы, NEGE. Әлемнің 181-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы Д.Попко финалда дүниежүзілік рейтингте 424-орында тұрған чехиялық Далибор Сврчинамен ойнады.

Бірінші партияда корт иесі бет қаратпады – 6:0. Д.Сврчина екінші сетте де басымдылық көрсете білді – 7:5. Бәсеке 1 сағат 39 минутқа созылды.

Матч барысында чехиялық спортшы эйс жасамаса да, 11 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Д.Попко 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жазды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады