Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандықтың қарсыласы Ресей өкілі Карен Хачанов болды. Жукаев ресейлік теннисшіден 6:7, 6:4, 2:6 есебімен жеңілді.

Матч 2 сағат 2 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бүгін тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Шанхай турнирінде жеңіліп қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр