Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко Словениядағы турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко Словениядағы түурнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Нова-Горица қаласында (Словения) WTT Contender Nova Gorica 2022 халықаралық үстел теннисі турнирі өтуде. Қазақстандық Кирилл Герасименко 1/16 финалда Еуропаның екі дүркін чемпионы Маркуш Фрейташпен (Португалия) кездескен. Матч Қазақстандықтың жеңісімен аяқталды», - делінген жұмадағы хабарламада. 

1/8 финалда Герасименко Джан Аккузумен (Франция) ойнайтын болады.