Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Антверпендегі турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Ерлер арасындағы бірінші айналымдағы кездесуде ATP рейтингінде 36-орында тұрған Бублик франциялық Грегуар Баррермен кездесті. Кездесуде қазақстандық теннисші жеңіске жетті. Ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Екінші айналымда Бублик тағы бір франциялық теннисші Джованни Мпеши-Перрикармен кездеседі.