Қазақстандық таэквондошылар әлем чемпионатында 9 алтын жеңді

Таэквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 9 алтын, 8 күміс, 14 қола медаль жеңді. Жарыс Беларусь астанасы Минск қаласында өткен. Жалпы топтық көрсеткіш бойынша еліміз екінші орынға тұрақтады.

Алматы, NEGE. "Қазақстан ITF таэквондо ассациясының" мәліметінше, чемпионатқа 42 елден барлығы 450-ден аса спортшы қатысқан.

"Жарыс жеке және топтық разрядта 8 бағдарлама бойынша өтті. Ұлттық құрама сапында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Петропавл, Орал, Екібастұз қалаларының спортшылары өнер көрсетті. Жастар барлық командалық бағдарламаларда (туль, спарринг, арнайы техника, өзін-өзі қорғау) жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан спорт тарихындағы ерекше нәтиже", - деді Қазақағанды облысы таэквондо федерациясының бас жаттықтырушысы Валерий Когай. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр