Қазақстандық сұлу «ТМД аруы – 2022» титулына ие болды
Ереванда 'ТМД аруы – 2022' байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстан аруы Диана Піртанова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. ІІ-орынға Грузия сұлуы Эмми Мхитариан ие болды. ІІІ-орынды Эстония кербезі Карина Низенькая місе тұтты.
- Арменияның қонақжайлылығы үшін көп рахмет. Бұл елдің салт-дәстүрімен, мәдениетімен жақын таныстым, өте қызықты болды. Тәж маған бұйырады деп еш күтпедім,- деді Диана Піртанова
Айта кету керек, байқау Арменияда екінші рет өткізіліп отыр, оған 23 сұлу қатысты.