Қазақстандық спортшылар стенд атудан қола жүлдеге қол жеткізді

Бүгін, 1 қазанда Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Алматы, NEGE. "Трап" бойынша командалық жарыста спортшыларымыз үшінші орынды иемденді. Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина 328 ұпай жинап, қола жүлде алды.

Қытайлық мергендер мәреге бірінші болып жетті. Олардың еншісінде 351 ұпай. Үндістан 337 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 27 медаль бар. Қазақстан құрамасының спортшылары үш алтын, төрт күміс және 20 қола медаль жеңіп алды. Медаль жиынтығы бойынша еліміз 11-ші орында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр