Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 60 жолдама жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына 60 жолдама жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде айтып өткендей, атлеттер жеті спорт түрні бойынша жолдама алды. Олар: шаңғы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты.

"Соңғы іріктеу жарыстары 2022 жылы қаңтарда өтеді. Ал квота мен жолдама бөлу 16 қаңтарда аяқталады. Осылан кейін Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясы жасақталады", - деп қосты ведомстводағылар. 

Қысқы Олимпиада ойындары Пекинде 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр