Қазақстандық спортшы Польшада өткен триатлоннан Еуропа кубогын жеңіп алды

Жеңімпаз 5 шақырымға жүгіруде, жүзу және веложарыстан кейін анықталды, деп жазылған Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Польшаның Жешув қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті. Жарысқа әлемнің 10 елінен 45 спортшы қатысты. Олардың арасында біздің үш атлет бар: Александр Тен, Егор Крупяков және Данил Породнов. Мәреге бірінші болып қазақстандық Александр Тен келіп, 00:59:51 уақытын көрсетті. Егор Крупяков – 14-орынға (01:02:05), Данил Породнов 16 орынға (01:02:26) ие болды.


 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды