Қазақстандық спортшы олимпиада патшайымы атанды
Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жанкүйерлерді тамсандырды. Қамшыбек Қоңқабаевпен бірге еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакваның киім үлгісін көпшілік жылы қабылдады, деп жазады Olympic.kz.
Алматы, NEGE. Олимпиаданың ресми түрде ашылуына бірнеше күн қалғанда Forbes шолушысы команданың формасын ең стильді киім үлгілері қатарына жатқызған болатын.
Жанкүйерлер мен көрермендер үшін ту ұстайтын спортшыларға арнайы тігілген киім тосынсый болғаны анық.
Токио ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан командасы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова бастап шықты.
Олардың киім үлгілері Ұлттық олимпиада комитетінің тапсырысы бойынша арнайы тігілді. Киім үлгісін дайындау барысына Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай өнерінің мамандары атсалысса, дизайн және киімді тігумен танымал алматылық модельер Виолетта Иванова айналысты.