Қазақстандық спортшы армрестлингтің 26 дүркін әлем чемпионын жеңіп кетті

Қыдырғали Оңғарбаев 26 дүркін әлем чемпионы америкалық Джон Брензекті жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы бірінші раундта 58 жастағы армрестлинг аңызынан жеңіліп қалғанымен, жекпе-жектің барысын өзгертіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қыдырғали Оңғарбаев – армрестлингтен кәсіпқойлар арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, «Золотой Турдың» алтын жүлдегері, абсолют санатының күміс жүлдегері.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды