Қазақстандық шеберлер «Трубадур» операсына костюм әзірледі
Италияның Генуя қаласындағы Карло Феличе театры өнерсүйер қауымға жіті таныс. 2019-2020 жылға арналған опера және балет маусымын «Трубадур» қойылымымен ашылды. Дәл осы қойылым 1991 жылы 18 қазанда толықтай қалыпқа келтірілген жаңа Карло Феличе театрында да алғашқы маусымды ашып, қонақтар қабылдаған еді. Генуя жұртшылығы үшін «Трубадур» – жанданудың нышаны.
Араға 28 жыл салып, танымал Вердиана трилогиясы (Ла Травиата, Риголетто, Трубадур) Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты өткен жылы таңдаған, Қазақстанның ең үздік 50 суретшісінің қатарына енген отандастарымыздың қатысуымен тіптен құлпыра түсті. Яғни, Қазақстандық шеберлер «Трубадур» операсына арнайы костюмдер әзірледі.
«Біздің басты мақсатымыз әйгілі либреттоның опера рухын, атмосферасын жеткізу болды. Ең алдымен, біз композитор Вердидің өз шығармасында айтқысы келгенін түйсініп, паш еткіміз келді. Қазан айында бізде тағы да Вердидің «Дон Карлос» операсы болды. Бұл жұмыс осылайша «Трубадурға» жалғасты. Сөйтіп, бізде Вердидің опералық күйінен шығуға тіпті уақыт та болмады», – деді сахна дизайнері және костюмдер бойынша суретші Софья Тасмағамбетова.
София үшін бұл Италиядағы алғашқы қойылым жұмысы. Суретші Генуяда болғанына өте қуанышты екенін жасырмады. Ол дайындық процесінің күрделілігі режиссерге байланысты екенін, қойылымға Вердидің барлық дерлік шығармаларымен таныс Марина Бьянки қатысқандықтан жұмыс істеу жеңіл болғанын айтады.
«Театрда арнайы жабдық – айналатын шеңбер бар. Үстінде декорация қойылған, бұл декорация спектакль бойынша айналады. Сахна өзгерісі көрерменнің көз алдында жүзеге асады, бұл дәл осы опера үшін өте маңызды, өйткені кідірту мүмкін емес. Ол үшін жай музыка жоқ. Сол себепті біз дәл осындай тәсілді таңдадық», - деп өз құпиясымен бөлісті сахна безендіруші, костюмдер бойынша суретші Павел Драгунов.