Қазақстандық шаңғышы Олимпиаданы 43-орынмен аяқтады

Бейжің Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы шаңғы марафонының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Алматы, NEGE. Аталған додада Қазақстан намысын Евгений Величко қорғаған болатын. Жарысқа 43-ші номерммен шыққан отандасымыз мәре сызығын да 43-ші болып кесіп өтті. Шаңғы марафонында бас жүлдені ресейлік Александр Большунов (1:11:32.7) жеңіп алды. Күміс медальға тағы бір ресейлік атлет Иван Якимушкин ( 5.5) ие болса, үздік үштікті Норвегия өкілі Симен Хегстад Крюгер ( 7.0) қанжығасына байлады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы шаңғы марафонының жарыс жолы қысқарғанын хабарлаған болатынбыз. Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды