Қазақстандық шахматшылар ІХ командалық әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өткен ІХ командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Алматы, NEGE. Санаулы сəттер бұрын қазақстандық ойыншылар Грузияға жол берді. Алғашқы раундта грузиялықтар 2½-1½ есебімен алға шыққан. Сосын 2-айналымды да өз пайдасына аяқтады (3½-½).

Команда сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова өнер көрсетті. Бұл – Павел Коцур баптайтын ұлттық құраманың бәсекедегі алғашқы жеңілісі. Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Грузиямен тең түсіп (2-2), қалған қарсыластың бәрін ұтқан.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?