Қазақстандық Сергей Морозов төрешілер шешімімен қарсыласынан басым түсті

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат​.

Алматы, NEGE. UFC Vegas 57 турнирі аясында өткен жекпе-жекте, Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) үш раунд бойы айқасып, қортындысында төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Морозовтың UFC турниріндегі төртінші жеке-жегі. Қазақстандық файтер Умар Нурмагомедов және Даглас Сильва де Андрадеден жеңіліп, Халид Таханы жеңген болатын.

Ал бразилиялық спортшының бұл UFC-дегі жетінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловты (14-7) жеңген еді. Сонымен қатар UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды