Қазақстандық Руслан Мәдиев АҚШ-та мексикалық боксшыны жеңді

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-2, 5 КО) Сан-Антониодағы (Техас штаты, АҚШ) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Ол мексикалық Луис Рамоспен (21-1, 19 КО) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы айқас тоғыз раундқа жоспарланды және ол соңына дейін өтті. Мәдиев төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Руслан Мәдиев профи-бокстағы мансабында 14-інші рет жеңісін тойлады. Ал Луис Рамос екінші рет жеңіліп отыр. Айта кету керек, Мәдиев – Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының клиенті, аталған компания ұзақ уақыт бойы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр