Қазақстандық режиссердің фильмі Францияда үздік деп танылды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам/Черный, черный человек» атты фильмі Франциядағы Везуль кинофестивалінің жүлдесін иеленді.

Алматы, NEGE. «Қап-қара адам/Черный, черный человек» фильмін Везуль кинофестивалінде тамашалаған көрермендерге туынды бірден ұнаған. Бұл қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың Франция прокатына шыққан екінші фильмі. Осыдан бір жыл бұрын оның  «Ласковое безразличие мира» туындысын 30 мың көрермен тамашалаған еді. Бірнеше байқауда марапатталып, Везуль кинофестивалінің жүлдесін иеленген кинокартина мамыр айынан бастап Франция кинотеатрларында прокатқа шығады.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді