Қазақстандық палуан алтын медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Сұлтан Әсетұлы Албания астанасы Тиранада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Sports.kz  хабарлайды. 

Сұлтан 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыстың финалында түрік спортшысы Мұстафа Йылдырымнан басым түсті. Белдесу 2:1 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, Сұлтан Әсетұлы - грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған, 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр