Қазақстандық оқушы халықаралық математика лигасында жүлделі 1-орын алды

Нұрасылдың әкесі Нұржан Әшірбеков баласын әлеуметтік желіде құттықтап, қуанышты жаңалықпен бөлісті.

Алматы, NEGE. Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды. Олимпиадаға әлем бойынша 16835 талапкер қатысқан. Екінші кезеңге оның 5672, ал үшінші кезеңге үздік 629 оқушы өткен. Нұрасыл Бейсенбай ең мықты бестіктің ішінен бірінші орын орынға ие болды. Ол тапсырманы толық орындап, ең жоғары 100 балл алған.

«Мен сенің жеткен жетістіктерінді көргенде, төбем көкке бір елі жетпей қалады. Мен сені мақтан етемін. Өзіңе сен, алдыңа мақсаттар қой және оған жетуде аянып қалма. Мақсатына жеткенде, өзіңе деген сенімділігің одан сайын арта түседі. Жаңа белесің құтты болсын, балам», – деп жазды ол.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті