Қазақстандық Мысырдағы WTT Youth Contender Cairo үстел теннисінен күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық Сарвиноз Миркадырова Мысырдағы WTT Youth Contender Cairo үстел теннисінен халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «Сарвиноз Миркадырова Қазақстанға Египеттегі WTT Youth Contender Cairo үстел теннисінен халықаралық турнирде екінші медалін алып келді. Ол 19 жасқа дейінгі санатта күміс жүлдеге ие болды», – делінген хабарда.

Бұған дейін Миркадырова 17 жасқа дейінгі санатта «алтын» жеңіп алған еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды