Қазақстандық мерген қыздар Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды
10 метрден жылжымалы нысана көздеуден ел намысын қорғаған Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Сәдуақасова) жалпы 1642 ұпай еншілеп, Ханчжоудағы Азиаданың күміс жүлдегері атанды.
Алматы, NEGE. Бұл - Қытайдағы құрлықтық додада ел қоржынына түскен үшінші күміс медаль.
Алтын медальді Солтүстік Корея (1655 ұпай) құрамасы иеленді. Қазақстан құрамасы (1642 ұпай) күміс жүлдеге ие болды. Ал үштікті Индонезия құрамасы (1604 ұпай) түйіндеді.
Айта кетейік, жеке сайыста Зухра Ирназарова чемпион атанған болатын.