10 февраля 2023 г. 13:40

Қазақстандық құтқарушылардың Нурдагы қаласында үйінді астынан адамдарды алып шыққан видеосы жарияланды

Фото:

ТЖМ қазақстандық құтқарушылар Нурдагы қаласында үйінді астынан адамдарды алып шыққан видеосын жариялады. 

Алматы, NEGE. Видеода қазақстандық құтқарушылар арнайы жасалған ойықтың көмегімен адамдарды толығымен қираған ғимараттың астынан шығарып алып жатыр.

Құтқарушылар барлық жол бойы адамды сүйемелдеп шығарып, толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Үйінділер астындағы қозғалыс кезінде Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары үйінді астынан адамды өз денелерімен қалқалап шығарып жатыр.

Қазақстандық құтқарушылар екі тәулікке жуық уақыт бойы адамдардың орналасқан жеріне жол салды. Осы уақыт ішінде зардап шеккендермен аудио байланыс үзілген жоқ.

Тегтер: