Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанды

Жеке құрам ұшаққа отырды, құтқару жабдықтарын жүктеу аяқталды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды.

Екінші топты Түркияға жіберу тапсырмасын  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын. 

Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар. ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.