Қазақстандық конькиші Әлем кубогынан қола жүлде алды

Қазақстандық спортшы Надежда Морозова конькимен жүгіруден Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Айта кетсек, аталған бәсеке Канаданың Калгари қаласында өтіп жатыр. Жарыстың 2 күнінде қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге жарыста үшінші нәтиже көрсетті. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке есе жіберді.

Бір апта бұрын ол Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Надежда күміс жүлдеге қол созды. Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық конькиші Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды