Жанна Қасқынова ММА бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Жанна Қасқынова аралас жекпе-жектен (ММА) жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы, NEGE. Албанияның астанасы Тиранада аралас жекпе-жектен жастар арасындағы біріншілік турнирі өтті.

“Шешуші кездесуде Жанна Оңтүстік Африка елінің спортшысы Женевьев Туссонды гильотинді дроссель арқылы жеңді”, - деп жазды Қазақстанның ММА федерациясы.

Қазақстанның тағы бір өкілі Динара Аяпова украиналық қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен