Қазақстандық қыз бодибилдингтен әлемнің вице-чемпионы атанды
Қазақстандық Аиша Каипова бодибилдингтен әлемнің вице-чемпионы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.
Алматы, NEGE. Чемпионат Испанияда өткен. Қазақстандық спортшы қыз тек төрешілерді емес, тікелей эфир кезінде көрермендерді де тәнті еткен. Осылайша, дауыс беру қорытындысы бойынша Аиша Каипова бодибилдингтен Азия чемпионы атанды.
Спортшы қыз Алматыда дүниеге келген. Болашақта қаржыгер болғысы келеді екен.
"Пандемия кезінде спорт және тағы басқа көптеген салаға қиын болды. Біздің федерацияға барлық мүмкіндікті жасап, барлық спортшы үшін осындай керемет мереке ұйымдастырғаны үшін көп рақмет. Мен мұның қаншалық қиын болғанын түсінемін. (...) Осы маусымға дайындық мәңгілікке есімде қалады", - деді спортшы қыз.