Қазақстандық гимнасттар батутта секіруден әлем кубогы кезеңінің 2 алтын медалін жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Бакуде батуттық гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Жекелей сында отандасымыз Данил Мусабаевқа тең келер ешкім болмады. Қарағандылық спортшы 59.240 ұпай жинап жеңімпаз атанды.  

Сонымен қатар жұптық сайыста Данил командаласы Пирмаммад Алиевпен бірге синхронды секіруде топ жарды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде 2 алтын жүлде иеленді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды