Қазақстандық футболшы Молдавиядағы клубпен келісімшарт жасасты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов молдавиялық «Шериф» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды.

Алматы, NEGE. 18 жастағы Данил Анкудинов Қарағанды тумасы. Футболды туған қаласында ойнай бастады. Содан кейін Испанияға шақырту алып, «Марсет» пен «Касабланка» клубтарында ойнады. Соңғы жарты жылда «Родина» ФК (Мәскеу) екінші командасы үшін ойнады. Футболшы молдавиялық «Шериф» ФК-на іріктеуден өтіп, қарсыластарының қақпасына екі рет соққы берді. «Мен келісімшартқа қол қойғаныма өте қуаныштымын. Маған осы үлкен отбасының мүшесі болуға рұқсат бергендеріңіз үшін рахмет!», – деп жазды Данил Анкудинов Instagram-парақшасында.

«Шериф» ФК 2021 жылғы әлемнің үздік клубтарының рейтингінде «Интер» мен «Барселонаны» басып озды. Және 28-ші орында тұрды. Өткен жылдың күзінде ұжым Чемпиондар лигасы турнирінің топтық кезеңіне қатысты. Клуб мадридтік «Реалды» жеңді. Нәтижесінде команда топта 3-ші орын алып, Еуропа Лигасына кірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды