Қазақстандық футболшы испаниялық клубта ойнайтын болды

ҚФФ Қазақстандық футболшы Дмитрий Бачек Испанияның «Побленсе» командасының сапына қосылады.

Алматы, NEGE. Тараптардың келісімшартқа қол қойғаны туралы алдағы күндері ресми жария етіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан жастар құрамасының көшбасшысы 2019 жылғы маусым аяғында қарағандылық «Шахтерден» кеткен еді. Содан кейін ол басқа клубта ойнамады және жастар құрамасының қыркүйектегі іріктеу матчтарына да шақыртылмады. Еске салайық, 2020 жыл басында Бачек хорватиялық «Хайдук» командасының бақылау матчтарына қатысқан, алайда, клуб ойыншыны трансферлік кезең жабылғанша сапына қоса алмады. Мұның алдында 19 жастағы қазақстандыққа германиялық «Штутгарт» қызыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды