Қазақстандық финалда 3 медальға таласады

Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды.

Алматы, NEGE. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар, деп хабарлайды ҰОК.

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.

Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.

Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты