Қазақстандық файтер UFC-дегі үшінші жекпе-жекте екінші рет жеңілді

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшінші жекпе-жекте екінші рет жеңілді. Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде 32 жастағы ақтөбелік спортшы алдын ала кардта өнер көрсетті.

 

Алматы, NEGE. Морозовтың қарсыласы америкалық промоушенде оныншы жекпе-жегін өткізген 36 жастағы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) болды. Үш раундқа есептелген кездесу екінші раундтың соңында аяқталды, Дуглас Морозовты артынан қылқындырып, жеңіске жетті.

Силва де Андраде үшін бұл қатарынан екінші жеңіс. Енді оның UFC-дегі есебінде төрт жеңіліс, алты жеңіс бар. Алайда ол карьерасында екінші рет қана сабмишенмен жеңіп отыр. 

Морозовқа келетін болсақ, ол өткізген үш жекпе-жекте екінші рет сәтсіздікке ұшырады. Ол былдытр қаңтарында ресейлік Омар Нурмагомедовтан (13-0) жеңілген болатын. 

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде титулдық реванш болады, орта салмақтағы қазіргі чемпион Исраэль Адесанья (21-1) мен белбеудің экс-иегері Роберт Уиттакер (23-5) кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады