Қазақстандық файтер миллион долларлық турнирде бразилиялықты тізе бүктірді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (22-6) Absolute Championship Akhmat (АСА) турнирінде төртінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Гран-при АСА ширек финалында Резников UFC-де өнер көрсеткен бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Сочиде өткен АСА 140 турнирінің басты оқиғасы болды. 

Қарсыластар толық бес раунд жұдырықтасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Резниковке берді. Осылайша, қазақстандық Гран-при жартылай финалына шықты.

Турнирдің толық қаржылық қоры миллион доллар екенін айта кетейік.

Резников кейінгі рет 2020 жылы қыркүйекте жұдырықтасып, тегі шешен Юсуф Раисовты жеңген еді.

Ал UFC-ден кеткен Рамос үшін бұл АСА лигасындағы алғашқы жекпе-жегі болды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды