Қазақстандық екі жеңіл атлет Олимпиада жолдамаларын жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлеттер Иван Иванов пен Ирина Эктова Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысады.

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Карпов өзінің Instagram парақшасында қазақстандық жеңіл атлеттер Иван Иванов пен Ирина Эктова Бішкектегі (Қырғызстан) турнирде Олимпиада жолдамаларын еншілегенін жазды. Сонымен, 21,11 метр нәтиже көрсеткен Иванов ядро лақтырудан Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Ал Эктова үш қарғып секіруден Олимпиада жолдамасына ие болды. Оның нәтижесі – 14, 34 метр. Еске сала кетейік, жеңіл атлетикадан бұған дейін Ольга Рыпакова, Георгий Шейко, Айман Ратова, Мария Овчинникова, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая және Жанна Мамажанова Қазақстан атынан Олимпиада лицензияларын олжалаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?