Қазақстандық боксшы қыздар топ жарды

Сербияда бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Ұлттар кубогінде қазақстандық екі спортшы алтын алды.

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы сапынан алты боксшы финалға шықты. Әзірге олардың арасынан Арайлым Марат (48 келі) пен Дина Жоламан (54 келі) финалда қарсыластарын қапы қалдырды.

Арайлым словакиялық, Дина сербиялық боксшыны жеңді.

Аталмыш турнирде бұған дейін қазақстандық боксшылар 2012, 2015, 2016, 2018 жылдарда командалық есепте жеңімпаз атанған болатын.

Үш мәрте мұндай мәртебеге ресейліктер ие болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?