7 ноября 2022 г. 9:39

Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіргенімен жеңіліп қалды

Фото:

2021 жылғы Азия чемпионы қазақстандық Римма Волосенко Амманда өтіп жатқан биылғы Азия біріншілігінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы жарысты 1/4  финалдан бастап, 60 келі салмақта моңғолиялық Номин-Эрдене Тугсжаргалмен айқасты. Төрешілердің бөлек шешімімен моңғолиялық боксшы жеңіп кетті. Алайда бұл шешім даулы болып тұр.

Волосенко қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген болатын. Бірақ сонда да жеңісті қарсыласына берді.  

Тегтер: