Қазақстандық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы қарсыласын жеңді.

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
Жетінші рет жеңіске жеткен ол мансабындағы алғашқы титулын иеленді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригин Германияның Эбербах қаласында өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Ол польшалық Петр Гуделмен жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді, алайда кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Өйткені бірінші раунда Александр Ковригин қарсыласын нокауқта жіберді.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері BDB International нұсқасы бойынша чемпион атанды. Бұл – жетінші рет жеңіске жеткен Александр Ковригиннің мансабындағы алғашқы титул.

Айта кетейік, 22 жастағы отандасымыз 2021 жылдың ақпанынан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр. Ол барлық кездесуін Германияда өткізген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр