Қазақстандық бодибилдер екі секс-қуыршаққа үйленді

Қазақстандық бодибилдер Юрий Толочко бұған дейін екі секс-қуыршаққа үйленген. Ол енді адаммен қарым-қатынас жасағысы келетінін айтқан.

Алматы, NEGE. Оның ориентациясы біртүрлі секілді. Әйел ме, еркек пе, резіңке ме, бәрібір.

«Болашақта мен нағыз адаммен жүретін шығармын. Бірақ ол әйелге немесе еркекке менің қуыршақтарым ұнауы тиіс», – деп ағынан жарылады Толочко. Айтуынша, бодибилдер бұған дейін жеті жыл адамдармен жақын қарым- қатынаста болыпты.

Наурыз айында Толочко Марго атты секс-қуыршағымен ажырасып кетіпті. Сосын жаңа әйелі – Лола атты қуыршаққа үйленген. Жаңа ойыншығында не еркектің, не әйелдің белгілері жоқ екен. Қуыршақтың басы – әйелдікі, денесі – тауықтыкі.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 қараша айында Толочко бір жарым жылдан соң секс-қуыршағына үйленуді ұйғарыпты. Тойын осы наурыз айында Тайландта өткізбек болған. Бірақ  COVID-19 кесірінен кейінге қалдырған. Бірнеше апта өткен соң, Марго бүлініп қалғандықтан жөндеуге беруге тура келіпті.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды