Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидасын әзірледі.

Алматы, NEGE. Құжатта жазылғандай, таңбалауға инфлюенсерлермен (блогерлермен) коммерциялық және шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнама жатады.

Таңбалау оны нақты сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта іске асырылады. 

Таңбалау орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқау қамтылады.

Мәтіндік нұсқау мына тұжырымдарды бірін қамтиды:

– "жарнама";

– "жарнамалық материал";

– "серіктестік материал";

– "демеушілік материал";

–  "жарнама құқығында жарияланған";

– "жарнама құқығында";

– "демеушімен төленген".

Құжат 8 тамызға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2023 жылғы 10 шілдеде мемлекет басшысы онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойды. Заңның мақсаты онлайн-платформалар жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ интернет-жарнаманы өндіру, орналастыру, тарату және сақтау, заңсыз контенттің алдын алу саналады.