ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІКТІ ТРАВМОТОЛОГ ДӘРІГЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ШЫМКЕНТТЕ БЕС ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы №1 клиникалық аурухана базасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының директоры Олжас Бекарысов шеберлік сабағын өткізді.

Шымкент, NEGE.  Білікті дәрігер омыртқаларды тері арқылы транспедикулярлық бекіту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік сабақ аясында жергілікті мамандармен екі науқасқа тізе буынын ауыстыру, аминэктомиямен омыртқаның транспедикулярлық бекіту, омыртқаны жабық транспедикулярлық бекіту және омыртқа дискісінің жарығын алып тастау сынды бес ота жасалды.

Институт мамандары буын омыртқа дертін емдеуге қажетті протездерді, түрлі тірек аппараттарды өздері ойлап табады, оны операцияларға кеңінен қолданып, тәжірибелерін өзге өңір дәрігерлерімен бөліседі.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды