Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық Нилуфар Раимова Уфада күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Алматы, NEGE. Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, қазақстандық балуан қыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Финалда Н.Раимова италиялық Аврора Руссомен белдесті. Бірінші кезеңде қарсыласы алда тұрды.
Дегенмен екінші кезеңде Нилуфар таразы басын өзіне аудара білді. Сөйтіп тартысты кездесуде 8:6 есебімен жеңіске жетті.