Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын жүлде иегері атанды

Қазақстандық балуан Дарын Әскербек еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Турнир Рим (Италия) қаласында өтті. 

Әлем біріншілігінің финалында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз америкалық Джаксен Патрик Форрестпен кездесіп, тартысты өткен белдесуде 11:10 есебімен жеңіске жетті. 

Еске салайық, бұған дейін әлем біріншілігінде грек-рик күресінен Арсен Жұма мен Юсуф Ашрапов қола жүлде жеңсе, әйелдер арасында Алина Ертөстік те үшінші орын алған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды