Қазақстандық азамат Кореяда коронавирус жұқтырған ба?

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, қазақстандықтың дертке шалдыққаны туралы Ансонг қаласының полицейі мәлімдеген. Ол әлеуметтік желіде қазақстандыққа іздеу салынғаны туралы жазба қалдырған. Телеарна тілшісі құзырлы орган өкілімен байланысқа шығып, мән-жайды сұрап білген.

Полицей ақпаратты растап, санитарлық дәрігерлердің қашып кеткен қазақстандықты іздеп табуды өтінгенін айтқан. Ол тест тапсырып болған соң, әжетханаға сұранып, артынша оралмағаны белгілі болды. Полиция қызметкері Отандасымыздың аты-жөнін атады. Ол осыдан екі күн бұрын COVID-19 бойынша тест тапсырған. 

Қазақстан азаматы Гунпо қаласынан Ансонг қаласына жуырда қоныс аударған. 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды