Қазақстандық ауыр атлеттер жалпы командалық есепте бірінші орын алды

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Алматы, NEGE. Айта кетсек, әлем чемпионаты 11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында өткізілді. Дүбірлі додада қазақстандық ауыр атлеттер 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иегері атанды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Әлем чемпионатында ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (67 келі), Едіге Емберді (73 келі), Денис Полубояринов (80 келі), Никита Абдрахманов (102 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал Надежда Ли (62 келі) күміс алса, Александра Беленко (40 келі) және Ерасыл Омаров (55 келі) қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте Колумбия және Түркия құрамалары үздік үштікке жайғасты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды