Қазақстандық ауыр атлет ӘЧ алтынын жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлет Никита Әбдірахманов Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы, NEGE. 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (157 191) бағындырды.
Күміс медаль Өзбекстаннан келген Кудратбек Салимжоновқа бұйырды. Ол 327 (156 171) келі көтерді. Үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет 259 келі (132 163) түйіндеді.
Осылайша Әбдірахманов құрама қоржынына төртінші алтынды салды. Осыған дейін Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілген еді.