Қазақстандық атлет Ислам ойындарында рекорд орнатты
Қазақстандық зілтемірші Айзада Мүпділдә Түркияда өтіп жатқан Исалм ойындарында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясы.
Алматы, NEGE. 87 келіден аса салмақта өнер көрсеткен Айзада 266 (116 150) келі көрсеткішімен рекорд орнатты.
Осы салмақта өзге қазақстандық атлет Любовь Ковальчук 261 (114 147) келі көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, қазақстандық зілтеміршілер осымен 8 алтын, 15 күміс және 3 қола жеңіп алды.