16 июня 2022 г. 19:51

Қазақстандық әйел АҚШ-та 48 шақырым қашықтықты жүзіп өтті 

Фото:
Қазақстандық әйел Әнел Сытдықова АҚШ-та 48,5 шақырым қашықтықты жүзіп өтті. 


Нұр-Сұлтан, NEGE.  БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың мәлім еткеніндей, қазақтың темір ханшайымы атанған Әнел Нью-Йорк қаласында Манхэттен аралы айналасында 28,5 миль (48,5 км) қашықтықты 9 сағат 24 минутта тоқтамастан жүзіп өткен. Жүзу үш өзен, соның ішінде Гудзон арқылы өтеді.

Сондай-ақ 20 көпірдің көпшілігі Манхэттен мен Бронкс аралығында орналасқан. Батыс Қазақстан облысында туып-өскен Әнел Сытдықова бұдан үш жыл бұрын Ла-Манш бұғазын (38 шақырым) тоқтамастан 15 сағат 15 минутта жүзіп өткен еді. «Қазіргі кезде қызым балалары Оксфордта оқып жатқандықтан, күйеубалам Нұрланмен бірге сонда тұрып жатыр», -деді ҚазАқпарат тілшісіне Әнелдің әкесі Әлібек Сытдықов. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ә.Сытдықованың АҚШ-та тағы осындай екі ұзақ қашықтықты жүзіп өткісі келетіні туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ла-Маншты жүзіп өткен қазақстандық әйелге қос бірдей марапат табыс етілді.

Тегтер: