Қазақстандық 3 жасөспірім қыз бокстан әлем чемпионы болды

Қазақстандық үш спортшы қыз бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.   Армения астанасы Ереванда жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық жасөспірім боксшы қыздар жеңіске жетті.

Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына барлығы 58 елден 448 боксшы қатысып жатыр.

"54 келі салмақта жерлесіміз Аяжан Сыдық үнділік Амиш Керкеттаны 5:0 есебімен жеңді. 60 кг салмақта Толғанай Қасымхан ресейлік қарсыласы Кира Леонованы 3:2 есебімен жеңсе, 66 кг салмақта Айсұлу Мұхит румянилық Амалиа Тугуйды 3:2 есебімен жеңіп кетті", - деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясы.

Ал қалған жарысқа шыққан жасөспірім спортшы қыздар қола медальды иеленген. Бүгін ұлдар арасындағы жарыс басталады.

Әлем чемпионатына барлығы 58 елден 448 боксшы қатысып жатыр. Қазақстан барлық салмақта спортшылар апарған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр